Таразда өрт сөндірушілер балаларды құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда өрт сөндірушілер балаларды құттықтады

03.02.2024

Таразда өрт сөндірушілер балалар үйіне жедел жетті. Бірақ бұл жолы қауіптің бетін қайтару үшін емес, жасөспірімдерге ақ тілек айтуға асыққан. Құтқарушылар Сарымолдаев атындағы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан тоғыз бүлдіршінді туған күнімен құттықтады.

Арнайы көлікпен барған мамандар, балаларды ең үлкен өрт сөндіру бекетіне апарды. Қызыл жалынмен күрескен қызметкерлердің өмірінен бейнероликтер көрсетті. Арнайы мұражайды аралатып, ескі техника мен жаңа құрылғыларын таныстырды. Ал түсірілімге келген тілшілер, балаларға тәтті үлестіріп, ән айтып берді.

Мейірім Жеңісқызы, Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушісі:

Бүгін мен 13-ке толдым. Менің алға қойған мақсатым – осы адамдарды құтқару және мен бүгін осында келіп, қандай ауыр жұмыс екенін білдім және өзім көзбен көргеніме де қуандым. Сіздерге көп-көп рақмет.

Талғат Тоқтамбек, қалалық мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары:

Балалар өз мақсаттарын әлеуметтік желіге жазған болатын. Соны біз өз көздерімен көрсету мақсатында өрт сөндіру бөліміне шақырып, бейнероликтер арқылы және практикалық жұмыс барысында көрсете білдік. Өз кезегінде өз көздерімен көріп, армандарына бір қадам жақындады.


Хабарламаларға жазылу