Жетісулық өрт сөндірушілер үйлеріне оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісулық өрт сөндірушілер үйлеріне оралды

21.06.2023

Абай обылысындағы алапат өртті сөндіруге көмекке барған жетісулық өрт сөндірушілер де өз үйлеріне оралды.

Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары 12 күн бойы өзге де өңірлердегі әріптестерімен тілсіз жаумен күресіп, қызыл жалынды ауыздықтады. Екі аймақтың шекарасынан оларды жергілікті тұрғындар ерекше құрметпен қарсы алды. Қариялар ақ батасын берді. Отбасымен қауышуға асыққан батырлардың қатарында төрт баланың әкесі Ерлік Омаров та бар. «Ауызбіршілік пен үйлесімді жұмыстың арқасында қызыл жалынның таралуына жол бермедік», - дейді құтқарушы.

Ерлік Омаров, Талдықорған қалалық мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары:

Өртті өшіру нәтижесінің 50 пайызы өрт сөндірушінің шеберлігіне байланысты. Дұрыс тактикалық жағдайда шешім қабылдап және қалған 50 пайызы моральдік-психологиялық тұрғыда адам дайын болу керек.


Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу