Қызылжарда жас өрт сөндірушілер жарысуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылжарда жас өрт сөндірушілер жарысуда

05.08.2014
Қызылжарда жас өрт сөндірушілер жарысуда

Қызылжарда еліміздің барлық облысынан және Астана мен Алматы қаласынан келген жас өрт сөндірушілер жарыс жолына шықты.

14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер екі күн бойы өз шеберліктерін көрсетіп, үздік атану үшін бақ сынамақ. Әр команда жарысқа 9 спортшымен шығады.

Төртінші рет өткізіліп отырған бұл чемпионаттың басты мақсаты – өрт сөндіру-құтқару спортын дамыту және ұлттық құрама сапына спортшыларды жасақтау.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу