Басты Жаңалықтар Елімізде 479 медициналық ұйымның 113 млрд теңге берешегі бар

Елімізде 479 медициналық ұйымның 113 млрд теңге берешегі бар

479 медициналық ұйымның әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 113 млрд теңге берешегі бар. Бұл былтырғы кредиторлық қарыз. Сонымен қатар 1 жылда 46 200-ден астам жалған медициналық қызмет көрсетілген. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры Басқарма төрағасының орынбасары мәлімдеді.

Айдар Нұралиевтің айтуынша, мұндай заң бұзушылықтар үшін қызмет көрсету құнынан 3 есе көп мөлшерде айыппұл салынады. «Бұдан бөлек, енді медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі енгізіледі», - деді.

Аида Ахметбек

Бөлісу