Жер сілкінгенде үйде, көшеде және көлікте қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет?
Күрделі табиғи құбылыс ретінде зілзаланы дәл болжау мүмкін емес. Сондықтан мұндай жағдайға дайын болу керек әрі жедел қимылдау маңызды, дейді мамандар. Табиғи апат кезінде нені ескеру керек? Қарапайым қағидалар жайлы әріптесім Аида Ахметбектің материалында.
Аида Ахметбек, тілші:
Табиғи апат, айтып келмейді. Егер сіз сейсмикалық тұрғыда қауіпті аймақтың тұрғыны болсаңыз, жер сілкінген уақытта бірнеше қағиданы ескергеніңіз жөн. Оның бірқатарын қазір бізге қалалық ТЖБ аға инженері Мирас Талғатұлы айтып береді. Алдымен, жер сілкінгенде көпқабатты үйдің тұрғындарына қаншалықты қауіп бар? Мұндайда не істеу керек?
Мирас Талғатұлы, Астана қалалық ТЖБ аға инженері:
Ешқандай жағдайда дүмпулер кезінде терезеге тығылмаңыз, бұл жарақатқа әкелуі мүмкін. Ауыр жиһаздан алыс тұрыңыз, іргелі қабырғаның есік жақтауына немесе бұрышына жасырыныңыз. Бұл қарапайым ережелер.... Дүмпу басылғанын күту керек? Кейін үрейге бой алдырмай бәрі тоқтаған кезде құжаттарды, жылы киімдерді, телефонды, қуаттағышты алып, үйден дереу шығып кету керек. Лифтті пайдаланбай қабырға жағынан баспалдақпен түсіңіз. Далаға шыққаннан кейін ғимараттардан, электр желілері мен биік ағаштардан алыс жерде қауіпсіз орынға тұрыңыз.
Аида Ахметбек, тілші:
Бұл жер сілкінген кездегі ең қарапайым ережелер. Мамандар бастысы үрейден аулақ болу керек дейді.
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да 59 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етеді
11.09.2025, 20:28

Экономиканы әртараптандыру: Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартылады
11.09.2025, 20:26
Биыл еліміздің мектептерінде ЖИ-ді үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізілді
11.09.2025, 20:25
Өскеменде оқу бағдарламасы толық цифрлы жүйеге көшті
11.09.2025, 20:21
Халық бір палаталы Парламенттің тиімді, үнемді болатынына үмітті
11.09.2025, 20:21
Алматыға жарты жылда млн-нан аса турист келген
11.09.2025, 20:19
Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ
11.09.2025, 20:19
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы білім сапасын арттырады
11.09.2025, 20:17