Ақтөбе облысында жолда қалғандар құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында жолда қалғандар құтқарылды

15.01.2024

Өткен демалыс күндері ел бойынша жолда қалған 118 адам құтқарылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, барлығы 186 шақырту түскен.

Мәселен, Ақтөбе облысының Хромтау ауданында Өзбекстан республикасының 24 азаматы мінген автобус сынып, тұрып қалған. Полицейлер оларды жақын жердегі кемпингке аман-есен жеткізді. Жолаушыларды ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеді. Облыста қатты аязға байланысты бүгін мектептерде бірінші ауысымда сабақ онлайн режимге көшірілді.

Жақсыбек  Кемал

Хабарламаларға жазылу