Алматы облысында жолда қалғандар құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жолда қалғандар құтқарылды

07.12.2020

Алматы облысының құтқарушылары өткен түнде жолда қалған жеті азаматты құтқарды. Бірнеше күн қозғалысы шектелген Үшарал-Достық трассасында екі жол талғамайтын және бір жүк көлігі қар құрсауынан шығарылды. Әр автокөлікте екі азаматтан отырған. Сондай-ақ төтенше жағдайлар қызметкерлері Алматы-Өскемен-Қапал-Арасан шипажайы тас жолының 35-ші шақырымында боранда қалған жеңіл көлікті қауіпсіз жерге шығарған. Көліктің жанармайы таусылғандықтан құтқарушылар оны Талдықорған қаласына дейін сүйреп келген.  

  Қуаныш Қанатұлы                                                           


Алматы облысы құтқарушылар жол төтенше жағдай

Хабарламаларға жазылу