Қостанай облысында жолда қалғандар құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында жолда қалғандар құтқарылды

09.01.2023

Қостанай облысында соңғы екі тәулікте ақ түтек боран салдарынан барлық бағыттағы жолдар жабылды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан жолға шығып, далада қалғандар да болды.

Мысалы Аманкелді кентінің үш азаматы таң қараңғысында боранмен жағаласып мал іздеуге шыққан. Түнге қарай үшеуі мінген көліктің жанармайы таусылып, көмек сұрап жедел желіге хабарласты. Төтенше жағдай қызметкерлері оларды Аманкелді кентінен 15 шақырым жерден тауып, аман-есен қауіпсіз жерге жеткізді.

Сондай-ақ Қайыңды ауылынан 80 шақырым қашықтағы Арқалық қаласына бармақ болған үш адам да көліктері жолда қарға батып далада қалды. Оларды да төтенше жағдай қызметкерлері жылдам тауып, Арқалық қаласына жеткізді. Әзірге күннің бұзылуынан зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу