Басты Жаңалықтар Жаңадан құрылған Алатау қаласы тұрғындарының саны екі миллионға дейін өсуі мүмкін

Жаңадан құрылған Алатау қаласы тұрғындарының саны екі миллионға дейін өсуі мүмкін

Алматы облысында жаңадан құрылған Алатау қаласы тұрғындарының саны екі миллионға дейін өседі деп болжанып отыр. Бұл туралы өңірдің даму жоспарымен таныстарған облыс әкімдігі хабарлады. Ал Ұлттық экономика министрлігі Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп экономикалық есептерді, жаңа қаланың схемалық картасын дайындау бойынша жұмыстар жүргізген. «Жібек жолы» бойындағы Алатау қаласының ауқымды жоспарлары туралы Қуан Нұрақын тарқатады.

Қазір қаланың жалпы ауданы – 88 мың гектар аумақты алып жатыр. Қала халқының саны 52 мың асады. Ауыл қала мәртебесін алғаннан кейін, бұл жаңалыққа әрине, алғашқы болып тұрғындар қуанды. Қаланың бас жоспарына сәйкес, 168 заманауи мектеп, 219 балабақша, 102 емдеу мекемесін салу жоспарланған. Сонымен қатар, 40 мың студент оқи алатын академиялық қалашық бой көтермек. 1 миллионға жуық жаңа жұмыс орнын ашуды көзделіп отыр. Шаһар негізгі төрт инновациялық ауданнан тұрады.

Болат Мұсылманбеков, облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:

Мұның алғашқы мақсаты – контрмагнит дейді, Алматы қаласындағы проблеманы сыртқа қарай шығарып, халықты, оқу орындарын, бизнес орындарын Қонаев пен Алматының ортасында жүйелі түрде бас жоспармен ойластырылған түрде және жұмыссыздық мәселесін шешу.
Осылайша Алатау қаласын арнайы экономикалық аймаққа айналдыру көзделген. Жаңа шаһардың барлық аумағы және Қонаев қаласының бір бөлігі осы аумаққа қосылады. Сонымен қатар бірнеше елді мекен де Алатаудың құрамына кіреді.

Нұрлан Әбілов, Жетіген ауылдық округінің әкімі:

Алатау қаласының құрамына толық Жетіген округі кіретін болды. Жетіген окургіне қарасты 4 ауылдық мекеніміз бар. Жетіген, Құйған, Еңбек және Жаңа арна ауылдарымыз. Халық соны естіп қуанып жатыр. Өйткені осының арқасында көптеген мәселелер шешіледі деп, ары қарай біздің Жетіген округіміз дамиды деген үміттеміз. 
Жобаға сай қала аумағына Жетіген ауылынан бөлек Талғар ауданындағы Дәулет және Қайрат ауылдары; Іле ауданындағы Жетіген, Еңбек, Жаңаарна, Күйған, Жаңадәуір, Жаңаталап, Ынтымақ, Қоянқұс елді мекендері, сонымен қатар Қонаев қалалық әкімшілігіне қарасты Заречное және Арна ауылдары кіреді.
Мына менің ту сыртымда тұрған Gate City қалашығы да Алатау қаласына қарайтын болады. Бұл ауқымды жоспар тек Алматы облысының ғана емес, бүкіл еліміздің экономикалық өсімінің қозғаушы күшіне айналмақ дейді әкімдік өкілдері.

Қуан Нұрақын
Бөлісу