Түркияда ірі жол апатынан 10 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда ірі жол апатынан 10 адам қаза тапты

28.12.2023

Түркияда ірі жол апаты болып, 10 адам қаза тапты. Тағы 59 адам жараланған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Олардың кейбіреуінің халі мүшкіл. Оқиға Сакарья қаласында болды. Алдын ала мәліметтерге сай, апатқа қалың тұман себеп болуы мүмкін. Алдымен жеңіл автокөлік жүк көлігімен соқтығысқан. Кейін оларды тағы бірнеше автобус, машина соққан. 6 көлік жүргізушісі ұсталды. Жетінші жүргізуші ауруханадан шыққаннан кейін қамауға алынады. Апат болған өңірде қалың тұман әлі сейілген жоқ. Осыған орай қала басшылығы жолда абай болуға шақырды,


Арай Төлегенқызы




Хабарламаларға жазылу