Алматы облысында ірі жол апатынан үш адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында ірі жол апатынан үш адам қаза тапты

28.12.2021

Алматы облысында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты. Оқиға түнгі сағат 22:00 шамасында Жамбыл ауданындағы Самсы –Ақтерек елді мекенінің маңында болған. Ішкі істер департаменті өкілдерінің хабарлауынша Алматы – Бішкек тас жолының 108 шақырымында «Mercedes» көлігін тізгіндеген 25 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.

Сырым Әшімханов, Жамбыл аудандық Полиция бөлімі басшысының орынбасары:

«Mercedes» көлігі қарсы бағыттағы автобусқа бетпе-бет соқтығысқан. Көлік салонындағы алты адамның үшеуі оқиға орнында көз жұмды. Қалған үш жолаушы түрлі дене жарақатымен жансақтау бөліміне жеткізілді. Ал автобустағы жолаушылар дін аман.


Хабарламаларға жазылу