Пәкістанда болған жол апатында 30 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда болған жол апатында 30 адам қаза тапты

07.08.2023

Пәкістанның оңтүстігінде темір жол апатынан 30 адам қаза тапты. 100-ден астамы жараланған. Жолаушылар пойызы жолдан тайғанда, 10 вагон рельстен шығып кеткен. Теміржол көлігінде мыңға жуық адам болған. Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді. Қайғылы оқиға Синдх провинциясының Науабшах ауданында болған. Ол елдің ірі қаласы Карачиден 275 шақырым жерде орналасқан. Аймақта пойыз қатынасы уақытша тоқтады. Қазір апаттың неден болғаны анықталып жатыр.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу