Жамбыл облысындағы жол апатынан 10 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысындағы жол апатынан 10 адам қаза тапты

10.02.2015
Жамбыл облысындағы жол апатынан 10 адам қаза тапты

Жамбыл облысында болған жол-көлік апатының фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды аймақтың ІІД-нің баспасөз қызметі.

Жол апаты Жамбыл облысындағы «Алматы-Астана» күре жолының 394-ші шақырымында болған. Астанаға жол жүріп келе жатқан «Ванхул» автобусының аударылуы салдарынан он адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы үшеуі Приозерск ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі уақытта жол апатының себебі анықталу үстінде. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. 

Хабарламаларға жазылу