Басты Жаңалықтар Атырауда шетел азаматын ұстап, бопсалаған күдіктілер ұсталды

Атырауда шетел азаматын ұстап, бопсалаған күдіктілер ұсталды

Атырауда шетел азаматын ұстап, бопсалаған күдіктілер ұсталды. Олар қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 30 жастағы шетелдікті ұрып-соғып, 1 миллион бір жүз мың теңгесін банк есеп-шоттарына аударуды талап еткен. Түрлі дене жарақатын алған Өзбекстан азаматы ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген. Күдіктілер қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы:

Ақпарат бойынша оның омыртқасы мен бет сүйектері сынған. Қазіргі таңда ҚР және Өзбекстан Республикасының 2 күдіктісіне қатысты ҚР ҚК 194 бабының 2 бөлігімен тергеу амалдары басталды және олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды.

Нұрсұлтан Нұрсейітов


Бөлісу