«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері анықталды

20.12.2023

Бүгін «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары анықталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жыл сайын өткізілетін байқауда 30 жеңімпазға 3 млн теңгеден сыйақы табысталды. Гранттар жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыруға ұмтылған жастарға беріледі. Бұл жолы ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, кәсіпкерлік және медиа саласындағы мыңнан астам жоба авторы сайысқа қатысты. Өтінімдер қыркүйек пен қараша айлары аралығында қабылданған. Дәстүрлі іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өтті.

Ислам Шарап, грант иегері:

Шымкент қаласынан келдім. Бүгін кереметтей грант бұйырып отыр медиа саласынан. Жобам инженерия саласынан қазақ тілді контент құру. Шыны керек, біздің елде қазір жастар техникалық саланы аз оқиды. Оқығысы келмейді, жұмыс істегісі келмейді. Сол себепті мен қазір жастарды техникалық салаға баулығым келеді.

Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу