Елорда күніне орай ел Тәуелсіздігінің құрдастарымен кездесу өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда күніне орай ел Тәуелсіздігінің құрдастарымен кездесу өтті

03.07.2021
Елорда күніне орай ел Тәуелсіздігінің құрдастарымен кездесу өтті

Бүгін «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында Елорда күніне орай Тәуелсіздік құрдастарымен онлайн-кездесу өтті.

ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында қазақстандық жастардың белсенді өкілдерін мемлекеттік бастамаларды ілгерілетуге және іске асыруға тарту жоспарланғанын атап өтті.

Іс-шараға «Болашақ» Халықаралық стипендиясының түлектері, жастар ресурстық орталықтарының басшылары, сондай-ақ голливудтық фильмдерді қазақ тіліне дубляждау жобасының жетекшісі А.Орынбаева, спорттық-бал биінің педагогы Е. Моисеев және басқалар қатысты.

Қатысушылар Нұр-Сұлтанның Қазақстан Тәуелсіздігінің нышанына айналғанын айта отыра, астананың дамуы көптеген жас қазақстандықтар үшін үлкен перспективаларды ашып, олардың мұнда ел өмірінің түрлі салаларындағы жетістіктеріне атсалысуына жол ашқанын айтты.


Хабарламаларға жазылу