«Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды

20.12.2023

«Болашақ» халықаралық стипендиясының кезекті иегерлері анықталды. Мемлекттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Оның шешімімен, 167 адам білімін шыңдауға мүмкіндік алды. Олардың 65 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтар және жаратылыстану ғылымдарын таңдаған. Ал қалған 35 пайызы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша білім алады. Сонымен бірге, 481 адамға жетекші шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту үшін стипендия тағайындалды.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу