«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары белгілі болды

13.12.2022

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары белгілі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шарада 5 бағыт бойынша үздіктер марапатталды.

Ел тәуелсіздігінің 31 жылдығы қарсаңында өткен конкурстың грант соммасы 3 миллион теңге. Бұл қаржы елдің түкпір-түкпірінен үздік деп танылған 30 адамға берілді. Оны Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі табыстады.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

«Тәуелсіздіктің ұрпақтары» грантының мақсаты: белсенді, шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыру мақстында жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдау. Биылғы «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» грантының иегерлерін анықтау бойынша құрылған комиссия мүшелері ауқымды жұмыстар жүргізді. Оларға оңай болған жоқ. Өйткені 2900-ге жуық жас ұсыныс білдірді.

Гранттар жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыруға ұмтылған ел азаматтарына беріледі. Сондай жандардың бірі - тараздық Мұхтарәлі Әбуәлі. Ол көзі нашар көретін және мүлде көрмейтін жасөспірімдерге арнап «Ерекше» деп аталатын жобаны жасаған. Бағдарлама мақсаты -  қазақи контентке толы комикстерді басып шығару.

Мұхтарәлі Әбуәлі , «Медиа» бағыты бойынша жеңімпаз:

Жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында басылып шығарылатын кітаптың топтамасы болып табылады. Әзірше сатылымда жоқ, бірақ болашақта қыркүйек айына дейін 100 данасы нарыққа шығады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу