Авторлық құқықты бұзғандар айыппұл төледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Авторлық құқықты бұзғандар айыппұл төледі

19.12.2023

Авторлық құқықты бұзып, тауар белгісін заңсыз пайдаланғандар 10 млн теңге айыппұл төледі. Әділет министрлігі жыл басынан бері 161 тексеріс жүргізген. Оның 143-і заңсыздыққа барғаны анықталды. Олар танымал брендтің атын пайдаланып қызмет көрсеткен. 17 іс қазір сот қарауында. Сондай-ақ, плагиатқа қатысты 7 іс қаралды.

Ботагөз Жақселекова, ҚР Әділет Министрінің орынбасары:

Плагиатқа қатысты айтар болсам, бүгінде авторлық құқықты бұзғаны үшін жауапкершілік бар. Биыл 10 тұлғаға қатысты небәрі 7 іс тіркелді. Оның тек екеуі ғана плагиат дерегі бойынша. Сондықтан бүгінде жауапкершілікті қатаңдату немесе күшейту қажеттілігін көріп отырғанымыз жоқ.

Ал рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастағандарға жауапкершілік күшейеді. Бүгінде тұрмыстық қалдық үйінділері шамадан тыс көбейген. Енді айыппұл мөлшері тұрғындар үшін 172 мың теңгеден 345 мың теңгеге өсті.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу