Отандық агро саласының мамандары мен шаруалар аустралиялық ветеринария тәжірибесін зерделеді. Делегацияны Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин басқарып барды. Австралияда бруцеллез, сібір жарасы секілді қауіпті мал аурулары мүлдем кездеспейді. Құтыруға ұқсас вирус кейбір аймақтарда ғана болуы мүмкін. Алайда әрбір жануардың жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы, ауру мал тез оқшауланады. Электронды жүйе арқылы малдың қозғалысы жіті бақыланады. Қазақстандық делегация малды аукцион арқылы сату да тиімді дейді.
Аманғали Бердалин, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:
Көбінесе әр фермердің Үкіметке айтатын талабы – біздің өзіміздің өсірген малымыздың жақсы бағамен өткіземіз. Бізде делдалдар көп. Солар пайданы көріп жатыр деген уәж айтады. Соған байланысты көріп отырмыз. Бұл жерде әділ өзі ауцион арқылы әр мал сатылады. Бәсекелестіктің арқасында нарықтағы бағасын өсірген фермер алып отыр.
Айя Мүтәлі