Басты Жаңалықтар Газа секторындағы балалар арасында жұқпалы аурулар тарай бастады

Газа секторындағы балалар арасында жұқпалы аурулар тарай бастады

Газа секторында балалар арасында түрлі жұқпалы аурулар белең алған. Әсіресе, А гепатиті, іш аурулары тарап жатыр. Дәрігерлер осылай деп дабыл қақты. Бұған таза судың болмауы, санитарлық жағдайдың нашарлауы, азық-түлік жетіспеуі себеп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Газадағы апатты жағдайды жақсарту әзірге мүмкін емес деп мәлімдеді. Израиль Хамас-тың 7-қазандағы шабуылынан кейін Газада әскери операция жүргізіп жатыр. Соңғы мәліметтерге сай, қаза тапқан палестиналықтардың саны 18 мыңнан асқан.

Арай Төлегенқызы

Бөлісу