Сайлау жүйесіне заманауи технологияларды кеңінен енгізу керек. Түрлі мессенджерлерді дауыс беру науқанында оңтайлы пайдалануға болады. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының 30 жылдығына орай өткен жиында айтылды. Конференцияның екінші күні 16 елдің өкілі сайлау жүйесіндегі цифрлық даму бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Мейрамгүл Айтова, Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы:
ЕGov mobile, Kaspi, Halyk банк арқылы сайлаушылар қай сайлау учаскісіне барып дауыс береді, қай күні сайлау болады қосымша ала алады. Кездесуде сол жөнінде айтылып жатыр. Сайлау жөнінде мен естімедім, көрмедім, білмедім деп айта алмайды. Себебі бұл жұмыс жақсы жолға қойылған.
Жиында «Сайлау жүйесінің трансформациясы» атты монографияның тұсауыкесері өтті. Жинақ тұтас елдің саяси жағдайы мен маңызды оқиғалары жазылғандығымен құнды, - дейді сарапшылар. Айта кетейік, 30 жылда елімізде 39 ірі сайлау өткен. Оның 3-еуі референдум болса, 7-уінде ел президенті сайланды.
Айдар Әміребаев, саяси зерттеулер орталығының жетекшісі:
Үш тілде – ағылшынша, орысша, қазақша кітап қылып шығарып отырмыз. Көбінесе 5-6 тармағында Қасым-Жомарт Кемелұлы бастаған саяси реформаларға көбірек көңіл аудардық. Оның ішінде сайлау жүйесі, демократияның белгісі ғой. Азаматтық қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынас жөнінде бірнеше ұсыныстар мен жаңа пікірлер айтылған болатын.
Аида Ахметбек