Көктайғақ Астана халқын әлекке салды
Астанадағы Ұлттық травматология және ортопедия орталығында көктайғақтан қол аяғын мертіктіргендердің көп болғаны сонша, мамандар қызмет көрсетіп үлгере алмай жатты. Кезек кіре берістегі дәлізге дейін созылған.
Қасым Асқанов, Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының дәрігері:
Бүгінгі таңнан бастап, көктайғақ басталғалы біздің орталыққа шамамен 100 шақты адам қаралды. 60 адамға амбулаториялық көмек көрсетілді. 18 адам біздің орталыққа жатқызылды. Оларға қазір операция жасалады.Шұғыл түрде.
Көктайғақ салдарынан көлік апаты да көп болды. кешелі-бері 100-ден аса жол-көлік оқиғасы тіркелген. Коммуналдық қызмет те, травматологиялық бөлімшелер де күшейтілген режимде жұмыс істеді.
Самал Қабышева, тілші:
Қараңыздар, бір орында тұру мүмкін емес. Аяғымда етік. Ал мен құдды бір коньки киіп алып, мұз айдынында жүргендеймін.
Ал түстен кейін айналадағы көк мұз еріді. Күн суытса, қайта қатады. Ал Астана әкімдігі балалар мен зейнет жасындағы азаматтарға аса қажеттілік болмаса, үйден шықпауға кеңес береді.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Назым Қызайбай жартылай финалға шықты
12.09.2025, 18:46

Жетісу облысында заңсыз төгілген 146 қоқыс орны анықталды
12.09.2025, 18:44
Отбасы күні қарсаңында 70 жыл отасқан жұптар бас қосты
12.09.2025, 18:42
Мыңдаған отбасы қолдау орталықтарынан көмек алды
12.09.2025, 18:40
Жетісу облысында «Еңбек жолы» байқауы өтуде
12.09.2025, 18:39
Еңбек адамы: Оқушылары озат ұстаз
12.09.2025, 18:37
Алматыда Ассамблея жастарының Халықаралық слеті өтті
12.09.2025, 18:34
Астанада жас дінбасылардың II форумы өтеді
12.09.2025, 18:32