Басты Жаңалықтар Қазақстанда 160 мың азамат еріктілер тізіміне енген

Қазақстанда 160 мың азамат еріктілер тізіміне енген

Әрбір 8-ші қазақстандық еріктілер қызметіне тартылған. Ұлттық волонтерлер желісінің мәліметінше, еліміздегі 500-ге жуық ҮЕҰ осы бағытта жұмыс істейді. Яғни, бүгінде 160 мың азамат тұрақты түрде еріктілер тізіміне енген. Жыл басынан бері осы азаматтар 5 мыңнан астам қоғамдық іс-шара өткізіп, волонтерлік қызмет атқарған.

Айта кетейік, бүгін – халықаралық еріктілер күні. Бұл атаулы күн 1985 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 40-шы сессиясында бекітілген.

Аида Ахметбек




Бөлісу