Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 15 млн тоннаға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 15 млн тоннаға жетті

05.12.2023

Достық станциясындағы бұл жаңа терминал екі ай бұрын ғана ашылған. Тәулігіне 8 пойызға қызмет көрсетуге қауқарлы. Жаңа технология контейнерлерді жылдам тасымалдауға мүмкіндік бермек.

Қуаныш Қанатұлы, тілші:

Жүк контейнерлерін түсіріп, тиейтін бұл крандардың ерекшелігі жылдамдығы секундына 28 метр жел соқса да жұмысын тоқтатпай істей береді. Дәл қазір бұл терминалда екі кран бар. Келесі жылы тағы да біреуін орнату жоспарланып отыр.

Ал бұл терминал тәулігіне алты поезға қызмет көрсетеді.Контейнерлерді түсіріп алуға жаңа техника өз септігін тигізуде.

Асхат Сүлеев, Бас Инженер:

Бүгінгі таңда 110 қызметкер бар. Бізде вахталық метод болып есептеледі. 15 күн демалып, 15 күн жұмыс жасайды. Бір вахтада алпыс, жетпіс кісіге дейін болады ғой.

Жалпы Достық станциясында он бес терминал бар. Оның бесеуі тек контейнер тиеумен айналысады. Президент жолдауына сәйкес алдағы уақытта терминал санын еселеу жоспарланған.

Мақсат Мәмбетқұлов, Достық станциясының бастығы:

Бүгінгі күнге біз 15-16 поез тапсырып жатырмыз. Алдымызда Қытай мемлекетімен үлкен жиналыстар өткізіп, тапсыру жағын одан да үлкейтсек пе деген жұмыстар атқарылып жатыр.18 поезға шейін жұмыс атқарамыз.

Достық станциясында контейнерлерден бөлек автокөлік тасымалдау жоспарланған. Терминалда қазір осы жоба бойынша дайындық жұмыстары пысықталуда.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу