Индонезияда вулкан атқылаған тауда 11 альпинист қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда вулкан атқылаған тауда 11 альпинист қаза тапты

04.12.2023

Индонезияның Батыс Суматра провинциясында «Марапи» вулканы оянып, 3 мың метр биіктікке шоқ пен күл шашқанда, 11 альпинист қаза тапты.

Тағы үшеуі құтқарылып, 12 адам жоғалып кеткен. Қауіпке байланысты, оларды іздеу операциясы әзірге доғарылып отыр. Индонезия Тынық мұхиттағы «Отты сақина» деп аталатын жерде орналасқан. Вулканологтардың мәліметінше, бұл елде қазір 127 белсенді жанартау бар.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу