Индонезияда сарқырама суы туристік аттракционға төгіліп, 17 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда сарқырама суы туристік аттракционға төгіліп, 17 адам қаза тапты

17.05.2016
Индонезияда сарқырама суы туристік аттракционға төгіліп, 17 адам қаза тапты
Индонезияның Солтүстік Суматрасында сарқырама суы туристік аттракционға төгіліп, 17 адам қаза тапты.

Қазір жоғалып кеткен 4 адам іздестіріліп жатыр. Бұл операцияға 300 құтқарушы жіберілген.

Апат кезінде аттракционда 70-тен астам студент демалып жатқан.

Индонезияда жылдың осы мерзімінде муссон жаңбыры жауып, тасқын қаупі күшейеді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу