Индонезияда жанартаудың атқылауы салдарынан жүздеген адам үйлерін тастауға мәжбүр болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда жанартаудың атқылауы салдарынан жүздеген адам үйлерін тастауға мәжбүр болды

08.02.2019

Индонезияда Карангетанг жанартауы оянды. Сондықтан, жүздеген адам үйлерін тастап, қашуға мәжбүр болған. 3 күн бойы атқылаған вулкан әлі де сөнер емес. Ал, одан шыққан ыстық лава екі өзенге төгіліп жатыр. Сондай-ақ, аралдағы екі ауылға апаратын жол бөгелген. Сол себепті, құтқарушылар тұрғындарға теңіз арқылы көмек көрсетуге мәжбүр. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, таулы аймақтан 132 адам эвакуацияланған екен. Қаза тапқандар немесе жараланғандар туралы деректер түскен жоқ.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу