Испанияның Пальма аралында 100 күндей атқылаған вулкан сөнді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияның Пальма аралында 100 күндей атқылаған вулкан сөнді

27.12.2021

Испанияның Пальма аралында 100 күнге жуық атқылаған вулкан ресми түрде сөнді деп жарияланды. Мұндай мәлімдемені Канар аралдарының аймақтық қауіпсіздік қызметінің басшысы Хулио Перес баспасөз маслихатында жасады.

Оның дерегінше, қыркүйектің 19-да оянған вулкан 3 мыңдай ғимаратты қиратып, 1200-ден астам гектар аумақты лавасымен жапқан. Сонымен қатар эвакуацияланған 7 мыңдай адамның үйі тұруға жарамай қалған. Бұған қоса, талай жол бөгеліп, плантациялар от пен күлден зардап шекті. Дегенмен үш айдан астам уақыт ішінде ешкім алапат вулканның құрбанына айналмады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу