Индонезияда вулкан атқылауынан 22 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда вулкан атқылауынан 22 адам қаза тапты

06.12.2023

Индонезияның Батыс Суматра аралында вулкан атқылауынан қаза тапқан адам саны 22-ге жетті. Барлығы – альпинист. Жоғалып кеткен тағы бір адамды іздеу бүгін басталады. Бұл жұмысқа 200-дей құтқарушы тартылып отыр. Биіктігі 2891 метрге жететін «Марапи» жанартауы желтоқсанның 3-де оянып, 3 шақырым биіктікке күл шашты.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу