Басты Жаңалықтар Синоптиктер 33 градус аяз болады деп болжайды

Синоптиктер 33 градус аяз болады деп болжайды

Осы апта Қазақстанда күн күрт суытады. Синоптиктердің болжамынша, желтоқсанның алтысында көктайғақ пен күшті жел қолайсыздық туғызады. Ал желтоқсанның 7 бастап 33 градусқа дейін аяз болады деген болжам бар. Елімізге солтүстік-батыстан келе жатқан суық антициклон салдарынан республика бойынша қалың тұман түсіп, бұрқасын соғады. Еліміздің батысы, орталығы және шығысында түнде термометр бағаны минус 10-18 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік-батыс пен солтүстік аймақтарда минус 25 пен минус 33-тің арасы, ал оңтүстікте 13 градусқа дейін нөлден төмен болады.

Қаракөз Кенжебаева 

Бөлісу