Ақтөбелік полицей тұлпарларға арналған жабу тігеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік полицей тұлпарларға арналған жабу тігеді

02.12.2023

Ақтөбелік полиция қызметкері Жаннұр Абдоллаева қызмет пен қолөнерді қатар алып жүр. Ол ерекше хоббиімен жұртшылықты таңдандырып келеді. Әсіресе, оның тұлпарларға арнап тігетін ұлттық стилдегі жабуларына қызығушылық зор.

Жаннұр қолөнерге бала күнінен қызыққан. Бұл қасиетін ескерген әкесі тігін машинасын сыйға тартқан. Содан бері тігіншілік оның сүйікті ісіне айналды. Қолы қалт еткенде түрлі әшекейлерді пайдаланып, қыздарға арналған ұлттық киімдер мен жұмысына қажетті сөмкелер тігеді.

Жаннұр Абдоллаева, ювеналды полиция бөлімінің инспекторы:

 «Демалыс қой ол.Үйге келіп, бір уақыт.Мен ұялы телефонға көп қызықпайтын адаммын.Инстаграм, әлеуметтік желіге көп кірмеймін. Біреуге сатуға емес, тек өзіме, қызыққа, осылай жинап қоямын.

Жаннұр жолдасының өтінішімен тұлпарға арналған жабу да тіккен. Онысы өте сәтті шығып, ат өнерімен айналысатындардың ерекше қызғушылығын тудырды. Бастапқыда жабуды дайын сызбаларға қарап тіксе, қазір өз қалауымен, түрлі үлгіде әзірлейді.

Жаннұр Абдоллаева, ювеналды полиция бөлімінің инспекторы:

«Маған ең ұнайтыны — парадный жабу, оялап-өрнектеген жұқа жабу.Ол осы жарыстың алдында үстіне киіліп, адамдарға көрсетілп, аттың күштілігін, аттың әдемілігін көрсетеді.Содан кейін аттың үстінен шешіліп тасталынады. Ал, екінші жабу ол — қалың жабу, ол аттың ащы терін алуға арналған жабу».

Бұл полиция бөлімінде 30-дан аса қыз-келіншек бар. Олардың көбі өнерге, шығармашылыққа жақын. Алайда, қызметте табанды полицей, үйде отбасының ұйытқысы, аяулы ана болып қала береміз дейді.

Нұрсая Қуанышбек, Алматы ауданы №3 полиция бөлімі бастығының орынбасары:

«Әйел адам болса да, үйінде де әйел болып қалады, жұмыста да әйел болып қалады.Бірақ, оның ішінде әйел адамның мінезінде, қайсарлық, табандылық, батырлық сондай қалыптастырады бұл профессия».

Жаннұрдың қызметке адалдығы мен өнерге деген сүйіспеншілігін әріптестері де ерекше бағалайды. Ол болашақта өнерін балаларына үйретуге ниетті.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу