Президент климаттық саммиттің ашылуына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Dubai Expo City көрме орталығына барды. Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясының басы-қасында тілшіміз Данияр Қайыртай да жүр.
Данияр Қайыртай, тілші:
Дубайда өтіп жатқан 28-ші климаттық саммитте жаһандық жылынудан зиян көрген елдерге өтемақы төлеу үшін құрылатын халықаралық қордың жұмысын ұйымдастыру мәселесі талқыға салынады. Мұндай қор құру туралы шешім былтыр Мысырда өткен саммитте қабылданған еді. Енді оның механизмдері бекітілмек. Екі аптаға созылатын биылғы конференцияға 160 елдің басшысы және 70 мың делегат қатысады. Ашылу рәсіміне келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты БАӘ Президенті мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды. Бұдан соң мемлекеттер басшылары суретке түсу үшін арнайы алаңға өтті. Қазір Саммиттің ашылу рәсімі болады. Онда осы елдің әмірі мен БҰҰ бас хатшысы сөз сөйлейді деп жоспарланған. Ал түстен кейін президенттердің қатысуымен пленарлық отырыс өтеді. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев баяндама жасайды. Бұдан бөлек, Президент саммит аясында мемлекеттер мен бизнес құрылымдарының басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді деп күтіліп отыр.
Данияр Қайыртай
Автор
Данияр Қайыртай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заңсыз ақша шығару ісімен айналысқандар жауапқа тартылады
15.09.2025, 20:48

Биыл 140 мың оқушы «Келешек мектептерінде» білім алып жатыр
15.09.2025, 20:03
Жамбыл облысында оқушы қатарластарының қолынан қаза болды
15.09.2025, 19:55
Елордада Жолдаудың негізгі тұстары сараланды
15.09.2025, 19:52
Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жоспар қабылданды
15.09.2025, 19:50
Алдағы 3 жылда мың мектепте тіс емдеу кабинеті ашылады
15.09.2025, 19:46
Бүгіннен бастап 25 мың жұмыскердің жұмыс кестесі өзгерді
15.09.2025, 19:45
Елімізде коммуналдық желілер жаңғыртылмақ
15.09.2025, 19:42