Басты Жаңалықтар 713 мың адам мемлекеттік әлеуметтік көмек алады

713 мың адам мемлекеттік әлеуметтік көмек алады

Қазақстанда жыл басынан бері әлеуметтік жәрдемақы көлемі 23%-ға артты. 713 мың адам мемлекеттік әлеуметтік көмек алады. Олардың 537 мыңы мүмкіндігі шектеулі жандар.

Ерлі-зайыпты Әнуар мен Ақзияш бірінші топтағы мүгедектер. Отағасы 20 жыл бұрын жол апатына түссе, жарының бұлшық-еттері әлсізденіп, ширек ғасырдан бері арбаға таңылған. Айтуларынша, қазір мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына еш кедергі жоқ.

Ақзияш Таубалдиева, І топтағы мүгедек:

Ал бұрын екі-ақ рет болатын. Қазір инватакси өте қолайлы болды, мысалы. Қазіргі инватаксиіміз өте жақсы. Айтқан уақытта келеді. Алып кетеді.

Ақзияштың күтімімен туған сіңілісі айналысады. Ал Әнуарды анасы қарап отыр. Таңнан ас-суы, киім-кешегін дайындау, жұмысқа шығарып салу Гүлсима Сәдуақасованың мойнында.

Қамқоршыны 2016 жылдан бастап алатын болдық. Оған дейін ондай болған жоқ. Осы жұмыстың бәрін істеп келдік қой. Ақша төленген жоқ ол кезде. Қазір ақша төлейді. 113 мың аламын. Үш ай болды көтерілгеніне. Оған дейін 80-90 мың болатын.

Алматы қаласы бойынша қазір 56 мың мүмкіндігі шектеулі жан тіркелген. Әкімдік өкілдері мүгедек жандардың барлық қажеттіліктерін мемлекет өтеп отыр дейді.

Аманат Сұлтанғазиев,

Техникалық құралдармен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етеміз. Бұл ортопедиялық протездер , сурдо құралдары. Гигиеналық құралдары және коляска қамтамасыз ету. Қазіргі таңда 32 мың мүгедектігі бар тұлғалар толық техникалық құралдармен қамтамасыз етілді.

Биыл жыл басынан бері мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 431 млрд теңге бөлінген. Ал, 1-топтағы мүгедектер – 90 мың, 2-топ үшін –70 мың, 3-топ үшін –50 теңгеге жуық төлем алады.

Әнуарбек пен әйелі бос жатқанды жанымыз сүймейді дейді. Екеуі де екі қолға бір күрек тауып, қазір мүгедектерге арналған орталықта жұмыс істеп жүр. Отағасы мүгедектер арбасын жөндесе, жары түрлі тұрмыстық заттар тігумен айналысады.

Қуан Нұрақын


Бөлісу