Еліміздің тоғыз аймағында сабақ қашықтан оқытылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің тоғыз аймағында сабақ қашықтан оқытылады

19.02.2024

Еліміздің тоғыз аймағында оқушылар қашықтан оқу форматына ауыстырылды. Білім басқармасының дерегіне сай, Астана, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Семей, Түркістан және Петропавл оқушылары мен колледж студенттері онлайн оқиды. Бұл бірінші ауысымға қатысты жағдай. Сонымен қатар Қызылордада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің батысында, оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Республиканың оңтүстігі, шығысы, оңтүстік-шығысы мен орталығында жел күшейіп, тұман түседі. Жетісу облысында 30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында 45 градусқа дейін аяз сақталады. Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында аяз 35-39 градусқа дейін көтеріледі.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу