Аяз бірқатар өңірде әлі басылмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аяз бірқатар өңірде әлі басылмады

21.02.2024

Елордалық оқушылар бүгінде қашықтан оқып жатыр. Қалалық білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 9-шы сыныпқа дейінгі барлық оқушыларды онлайн оқуға ауыстыруға ұйғарым шығарған. Аяз бірқатар өңірде әлі басылмады. Осыған орай 8 облыста, республикалық маңызы бар 36 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілген. Атап айтар болсақ, Абай, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Павлодар облыстарындағы жекелеген учаскелер жабық.

Торғын Мелісқызы


Хабарламаларға жазылу