Студенттер қашықтан оқуға ауыстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Студенттер қашықтан оқуға ауыстырылды

30.11.2023

Тұмаудың өршуіне байланысты Алматы, Астана және Шымкент қаласындағы 1-2 курс студенттері қашықтан оқу форматына ауыстырылды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми өкілі Ержан Байтанаев айтты. Онлайн оқу туралы шешім студенттер мен ата-аналардың өтініші бойынша қабылданған. Қазір білім алушылардың арасында тұмаумен қатар қызылша ауруы да тарап жатыр, бірақ жұқтырғандар саны аз, деді ведомство өкілі.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу