Қазақстан онлайн қызмет көрсетуден әлем бойынша сегізінші орында
Қазақстан онлайн қызмет көрсетуден әлемде 8-ші орында тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді. Оның айтуынша, елімізде қызмет түрлерінің 93 пайызы электронды түрде көрсетіліп жатыр. Смартфон арқылы алатын қызметтердің саны биыл 6 есе өскен. Банк қосымшаларда 50-ден астам қызмет түрі бар. Олардың саны 33 млн-ға жетіп, 3 есе өсті.
Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
Біз проактивті қызметтерді де дамытып жатырмыз. Ол - азаматтардың жүгінуін күтпей, айтқызбай, мемлекеттің өзі ұсынатын қызметтер. Оның түрі 40-қа жетіп, саны 2 млн-нан асты. Биометриялық растау және QR-мен қол қою арқылы электронды қызмет алу жеңілдеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының рейтингісі бойынша онлайн-сервис көрсету жағынан Қазақстан дүниежүзінде 8-орында.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін «Қайрат» чемпиондар лигасындағы ойынын бастайды
18.09.2025, 17:48

ҚФФ футбол академиясына FIFA мәртебесі берілді
18.09.2025, 17:45
Шымкентте «Таза қала, таза аула, таза үй» тақырыбында ашық сабақтар өтуде
18.09.2025, 17:42
Жетісу облысында «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
18.09.2025, 17:39
Транзитттік тасымалдың көлемі артады
18.09.2025, 17:36
Семейде тұңғыш рет қала әкімін сайламақшы
18.09.2025, 17:30
Атыраулықтар жем-шөпті көрші облыстан сатып алуға мәжбүр
18.09.2025, 17:27
Ресейде кейбір ірі оқу орындары бірігеді
18.09.2025, 17:24