Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы сауда байланысы жеңілдей түспек. Бүгін одаққа мүше мемлекеттердің өкілдері Астанада бас қосып, электронды қолтаңбаны қолдану мәселесін талқылады. Әзірге бұл жүйені енгізу жағы қиын болып тұр. Себебі әр елдің цифрландыру деңгейі әртүрлі. Бұдан бөлек, одақ елдер арасында ортақ реестр құру, мемлекеттік сатып алу бойынша тәжірибе алмасу мәселелері қаралды.
Бақыт Сұлтанов, Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестікті және монополияға қарсы реттеу министрі:
Былтырғы жылы 190 млрд доллар болса, бүгінгі күні 5 елдің жалпы мемлекеттік сатып алу нарығы 200 млрд-тан асайын деп отыр. Бізде кәсіпкерлер анықтама, басқа да құжаттарды жинамайды. Барлығы электронды түрде, Еговернмент арқылы базадан шығарылады. Ал басқа елдер қосылуы үшін ол қағазбен ғана алып келе алады. Ал бізде қағазбен алып келу мүмкіншілігі жоқ. Жойып тастаған. Сондықтан бұл жағынан да проблемалар бар.
Айя Мүтәлі