Газа секторынан отандастарымыз Алматыға ұшып келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газа секторынан отандастарымыз Алматыға ұшып келді

17.11.2023

Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген арнайы ұшақ Алматыға келіп қонды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 99 жолаушы аман-есен елге оралды. Оларға уақытша баспана беріліп, қажетті құқықтық, медициналық және өзге де көмек көрсетілуде. Сәтті іске асырылған эвакуациялау Қазақстанның Израильдегі, Иорданиядағы және Мысырдағы Елшіліктерінің осы елдердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асқан.

Сондай-ақ, Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Газа секторынан отандастарымыздың қауіпсіз және еш кедергісіз шығуы туралы уағдаластыққа қол жеткізген. Қазақстандық дипломаттар қақтығыс аймағында қалып қойған ел азаматтарына көмек көрсету және эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарын жалғастырады.


Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу