111 нөміріне бір айда 2000-нан аса адам хабарласқан
111 сенім телефонының іске қосылғанына бір ай өтті. Бұл нөмірге тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллингтен зардап шеккендер қоңырау шалып, көмек сұрауына болады. Хабарласу тегін және тәулік бойы қызмет көрсетеді. Бірыңғай сенім телефоны мемлекеттік шұғыл қызметтер тізбесіндегі 101, 102, 103 нөмірлердің қатарына енгізілетіні де айтылған еді. Алайда, бұл нөмірге хабарласуды халықтың көбі әлі білмейтін сияқты.
Зорлық-зомбылықтан, балалар буллингтен зардап шеккен болса, осы номерге хабарласса, шұғыл түрде көмек көрсетеді. Біле жүріңіздер.
Оны әйелдер білуі керек.
Дегенмен бір айда 2 мыңнан аса адам орталыққа хабарласқан. Яғни, күніне 70-ке жуық тұрғын 111 нөміріне қоңырау шалып, құқықтық, психологиялық, консультациялық көмекке жүгінген. Сенім орталығы 24 сағат бойы үзіліссіз жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғандар, буллингтен зардап шеккендер осы телефонға қоңырау шалып, тегін кеңес алуына болады.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауғанстанда зілзаладан кейін мыңдаған адам далада түнеуге мәжбүр
12.09.2025, 19:57

Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
12.09.2025, 19:57
«Respublica» партиясы: Президент Жолдауы бизнестің жол картасына айналуда
12.09.2025, 19:53
Каспий теңізінің тартылуы балықшылардың кәсібіне қиындық келтіруде
12.09.2025, 19:53
Шымкентте жүрек ауруларын зерттейтін жаңа орталық ашылды
12.09.2025, 19:49
Непалда уақытша премьер-министр тағайындалмақ
12.09.2025, 19:49
Редакция алқасы Қазақстан тарихының ІІ томын басып шығаруға әзірлеу үшін бекітті
12.09.2025, 19:48
Шетелдік сарапшылар: Реформалар өз нәтижесін беруі тиіс
12.09.2025, 19:47