Күз әлі де жылы күндерімен қуантуда. Бірақ қазақстандықтар қазірдің өзінде қысқа дайындалып, маусымдық сатып алуды жоспарлауда. Көпшілік қарашаның 3, 4, 5-і күндері өтетін бүкілхалықтық сауда-саттық мерекесі – Kaspi Жұманы асыға күтеді.
Kaspi Жұма Қазақстанда осымен тоғызыншы рет өтеді. Күзде қазақстандықтар дәстүрлі түрде қысқы дөңгелектерді, жылы киімдерді, үйге қажетті жылу құралдарын, қысқы спорт тауарларын сатып алады. Осы және басқа да сұранысқа ие тауарлардың барлығын еліміздегі танымал дүкендерден және Kaspi.kz-тегі интернет-дүкеннен үйге немесе Kaspi Postomat-қа тегін әрі ыңғайлы түрде жеткізу арқылы тиімді сатып алуға болады.
Бүкіл Қазақстан аумағындағы компаниялар, әсіресе шағын орта бизнес өкілдері мерекеге алдын ала дайындалуда. Kaspi Жұма кезінде қазақстандық кәсіпкерлердің сауда көлемі бірнеше есеге өседі.
Жақсылық Каленов, «Qaz Oryndyq» брендінің негізін қалаушы:
Нарықта 1,5 – 2 жылға таядық. Тікелей бізге осы өндіріс ашуға септігін тигізген Kaspi. Бұл отандық өнімді бізден халыққа жетуге тікелей көпір деп айта аламын. Kaspi Жұмаға біз осымен 4-ші рет қатысуымыз. Әрине ол кезде біздің сатылымымыз 8-ден10 есеге дейін өседі.
Жеткізу қызметтерінің де жұмысы көбейеді. Тапсырысты сатып алушының үйіне немесе жақын маңдағы Kaspi Postamat-қа жеткізеді. Kaspi Postamat-тар бүкіл ел аумағына орнатылған және курьерді күтпестен, сатып алған затты ыңғайлы уақытта алып кетуге болады.
Мәлік Хасан, «Taler» ЖШС директоры, жеткізу бойынша Кaspi.kz серіктесі:
Біз қазақстандық компаниямыз. Kaspi Жұма кезінде адам көп, жұмыс көп, қосымша адамдарды алып, енді еселенген жұмысты, тез арада адамдарға постоматтарға жеткізуге тырысамыз.
Біздің Kaspi-мен серіктестігіміз біздің компанияға өте үлкен көмек болып отыр. Ал біз сияқты шағын және орта бизнестің дамуы Қазақстан экономикасына үлес қосып жатыр. Kaspi Жұма бүкілхалықтық сатып алу мерекесі еліміздегі маңызды оқиғаға айналды. Біз өмірімізді жақсартатын заттарды тиімді сатып аламыз. Ал қазақстандық кәсіпкерлер сату көлемін арттырып, дамуда және жаңа жұмыс орындарын ашуда.
Азамат Бейбітұлы