Kaspi Жұма бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Kaspi Жұма бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі өтті

25.07.2022

Қазақстанда Kaspi.kz-тің Kaspi Жұма бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі өтті. Және нәтижесі тағы да күткендегіден асып түсті.

Қазақстандықтар затты ең тиімді сатып алудың жолы - Kaspi Жұма екенін бұрыннан біледі. Тауарлардың саналуан түрі, тегін жеткізу, 24 айға артық төлемсіз, пайызсыз бөліп төлеу. Халық ірі заттарды Kaspi Жұмада сатып алу үшін арнайы күтеді. Пандемияға байланысты тиімді сатып алу мерекесі екі жылдай өткізілмеді. Бәрінің асыға күткені байқалады.

Жұлдызай Чушбекова, сатып алушы:

Каспий жұманы күтуді мен жөн көрдім. Себебі біздің отбасылық қаржымызға өте жеңіл келеді. Сондықтан осы күнді күтіп, бытовой техниканың барлығын алуға келдім. Kaspi-ге үлкен рахмет. Бізге өте қатты көмек болып тұр.

Биылғы Kaspi Жұма ең ауқымдысы болды. Оған бүкіл ел аумағындағы 70 мыңнан астам дүкен қатысты. Үш күндік мерекеде қазақстандықтар 1 миллионнан астам түрлі тауар сатып алды. Kaspi Жұмада көбіне тұрмыстық техника, электроника, үйге арналған тауарлар, киім, аяқ киім мен аксессуарлар сатып алған. Сатып алушылар үшін бұл - қуаныш, жақындарына сыйлық, армандардың орындалып, жоспардың жүзеге асуы. Ал сатушылар үшін – жұмыстың қызып, сауда көлемінің артуы.

Динара Байболатова, «Zeta» өндірістік компаниясы директорының орынбасары:

Үстелдер де, дивандар да бәрі жақсы өтеді. Бәріне ыңғайлы, складтардан да көп алып келіп жатырмыз тауар. Складтан келген тауарлар да келген бойда кетіп жатыр. Өте ыңғайлы, жақсы.

Руфат Турганжанов, «Marwin» сауда желісінің сатушы-кеңесші:

Kaspi Жұмада адамдар кітап, кеңсе тауарлары, мультимедиалық дыбыс ұлғайтқыштарды өте көп алады. Адамдар қызығатын зат көп, алып жатыр.

Kaspi Жұмада жаңа және ыңғайлы, тегін жеткізудің тәсілі - Kaspi Postomat сұранысқа ие болды. Енді курьерді үйде немесе жұмыста күтудің керегі жоқ. Kaspi.kz- тегі интернет дүкенде сатып алу кезінде жақын маңдағы Kaspi Postomat-қа жеткізуді таңдап, өзіңізге ыңғайлы уақытта алып кетуге болады.

Айнұр Калдаева, сатып алушы:

Постоматтың өте ыңғайлылығы мен кез-келген уақытты алып кете аламын. Және қандай зат болсын осы Постомат арқылы ыңғайлы екен. Рахмет, Kaspi Жұма.

Көптеген елдерде жеке сатып алу мерекесі бар. Қазақстанда осындай бүкілхалықтық мереке - адамдарға өмірін жеңілдетуге көмектесіп, электронды коммерцияның өсуіне мүмкіндік беретін Kaspi Жұма болды. Kaspi Жұма – экономикадағы біздің отандық феномен, оның арқасында онмыңдаған қазақстандық шағын және орта кәсіпорындар айналымын көбейтіп, бизнесін дамытады және жаңа жұмыс орындарын ашады.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу