Ертең «Kaspi жұма» науқаны басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең «Kaspi жұма» науқаны басталады

14.07.2022

Kaspi Жұма бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі 15, 16, 17 шілде күндері өтеді. Kaspi.kz интернет-дүкенінде және бүкіл ел аумағындағы дүкендерде жиһаз, үйге арналған тауарлар, электроника, зергерлік бұйымдар, автотауарлар, құрылыс материалдары, денсаулыққа арналған заттар, киім, балалар тауарлары мен басқа да көптеген заттарды 24 айға бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы:

Біздің сүйікті клиенттеріміз бен серіктестеріміз бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі Kaspi Жұманы көптен бері күтті. Биыл Kaspi Жұма ең ауқымды болады. Kaspi.kz интернет дүкенінде тегін жеткізу қызметімен бірге 2 миллионнан астам тауар ұсынылған. Мерекеге бүкіл ел аумағындағы 70 мыңнан астам үздік дүкен қатысады. Біздің әрбір сүйікті клиентімізге затты тиімді сатып алуын және серіктестерімізге сауда көлемінің өсуін тілейміз.

Мәди Есенгелді, сатып алушы:

Мен осы дүкеннің тұрақты клиентімін. Осы дүкеннің тауарларының сапасы жанұяма да, маған да ұнайды. Жақында Kaspi Жұма арқылы өте жақсы мүмкіншілік туып тұр. Анамыз манты пісіргенді ұнатады. Kaspi Жұма арқылы мантоварка алып беруге дайындалып отырмыз. 24 айға бөліп төлеу біздің отбасылық бюджетімізге өте ыңғайлы болып тұр.

Kaspi Жұма – тек сатып алушылар ғана емес, Kaspi.kz серіктестерінің де мерекесі. Kaspi Жұма кезінде сатылым көлемі бірнеше есе өседі.

Мұрат Тәжиев, «Fissman» ЖШС директоры:

Осы Kaspi Жұманы өте күтеміз. Өйткені өткен Kaspi Жұмада біздің саудамыз өте жақсы артты. Сол себептен келесі Kaspi Жұмаға дайындығымыз белсенді.

Kaspi Жұма кезінде Kaspi.kz интернет-дүкенінде затты тегін жеткізу қызметімен бірге сатып алуға болады. Сонымен қатар Kaspi.kz қазақстандықтар үшін Kaspi Postomat жеткізу қызметін іске қосты. Енді міндетті түрде курьерді күтудің керегі жоқ. Жақын постоматқа дейін тапсырыс беріп, ыңғайлы уақытта алып кетуге болады.

Бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі – 15, 16, 17 шілде күндері өтеді. Тәжірибелі шопингқұмарлар қажеттінің бәрін алып үлгеру үшін заттардың тізімін алдын-ала жасап қоюға кеңес береді.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу