Сегізінші «Kaspi Жұма» тағы да рекорд жаңартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сегізінші «Kaspi Жұма» тағы да рекорд жаңартты

20.07.2023

Қазақстанда бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі өтті. Сегізінші «Kaspi Жұма» тағы да рекорд жаңартты. Толығырақ – тілші репортажында.

Kaspi Жұмада 1 миллионнан астам қазақстандық 2 миллионға жуық түрлі тауар сатып алды. Қазақстандық компаниялардың сатылым көлемі - рекордтық 302 миллиард теңге болды.

Жанар Ертасқызы, Sulpak дүкенінен сатып алушы:

Kaspi Жұмамен Маcbook алдым. Kaspi-мен өте ыңғайлы және тез алдынды. Программалар да тез қойылды. Бағасы да тиімді. Бөліп төлегенге жақсы.

Сатып алушылар тиімді зат салып алғанына, сатушылар – сауда көлемінің өскеніне қуанышты.

Салтанат Ізбасқанова, Mechta дүкенінің сатушысы:

Негізінде Kaspi Жұма осы халыққа көптеген мүмкіншіліктер береді. Өйткені барлық халық осы Kaspi Жұманы күтеді. Және бүгін де бізде сауда жүріп жатыр, кеше де өте жақсы сауда жүрді.

Бөліп төлеуге мүмкіндік берілген күні курьерлік компаниялардың да жұмысы көбейді.

Қайрат Мұқан, «Zammler» компаниясының бөлім басшысы:

Kaspi Жұма басталғалы заказдар саны 3-4 есеге көбейді. Kaspi Жұмаға дейін 4 мың – 5 мың заказ қабылдап жүрсек, Kaspi Жұмада 10 – 12 мың заказ қабылдап жатырмыз.

Тұтынушылардың тілегі бойынша курьерлер тауарды үйге немесе жақын маңдағы Kaspi Postomat-қа тегін жеткізеді.

Мұхит Абжапбар, сатып алушы:

Екі күннің ішінде осы Kaspi Жұма арқылы Postomat-тан біз алып тұрдық. Жақсы бәрі, керемет, әдемі. Өте тиімді. Өте ыңғайлы. Өте жақсы, қазіргі заманауи жеткізу. Тез әрі. Жылдам. Барлығы жақсы.

Бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі жазғы ыстыққа қарамастан тағы да рекорд орнатты. Бұрын бұл уақытта сауда тоқтап тұратын болса, қазір барлығын тегін жеткізу қызметімен бірге онлайн сатып алуға болады. Осылайша Каспи бизнеске дамуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектесіп келеді.

Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу