«Kaspi жұмада» кәсіпкерлер рекордтық сатылым жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kaspi жұмада» кәсіпкерлер рекордтық сатылым жасады

09.11.2023

Елімізде «Kaspi Жұма» бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі өтті. Тұрғындар өздеріне қажет тауарларын ұтымды жолмен сатып алуға мүмкіндік алды. Бұл ретте отандық кәсіпкерлердің де асығы алшысынан түсті. Олар рекордтық сатылым жасаған.

Kaspi Жұма осымен тоғызыншы рет өткізілді. Үш күнде қазақстандықтар– тоңазытқыштар, теледидарлар, климаттық бақылау жабдықтарын, тұрмыстық бұйымдар, автокөлік дөңгелектерін және тағы басқа көптеген заттар сатып алды. Ал сатушылар – сауда көлемінің артқанына қуанышты.

Раушан Ергешбаева, тұрғын:

MacBook алдым өзіме, 24 айға. Менің ойымша бұл өте ыңғайлы нәрсе. Өзімнің атымнан қосар едім, мұндай Kaspi Жұманы жиірек жасап отырса.

Аруна Рахымбек, сатушы:

Kaspi Жұманың арқасында адамдар саны көп. Әдеттегіге қарағанда сауда 2 есеге артық жүріп жатыр. Жалпыхалықтық тиімді сатып алу мерекесі жылына бір ғана емес, бірнеше рет болса екен дейміз. Себебі бізге өте тиімді.

Кішігірім заттарды Kaspi Postomat арқылы алуды жөн санайтын тұтынушылар көбейіп келеді. Көлемі кіші заттарға арналған жеткізу желісі уақытты үнемдеп, қалтаны қақпайды. Курьерді күтудің қажеті жоқ. Тапсырыс – табан астында қалаған жерге жеткізіледі. Әрі оны кез-келген уақытта алып кетуге болады.

Әсел Мұратбекова, тұрғын:

Жеткізу қызметі өте ыңғайлы. Үлкен заттарды үйге алып кеп тастайды. Ал қалған мынандай жеңілдер осы Постоматқа келді. Жұмысым да жақын, үйіме де жақын. Өзіме де ыңғайлы. Келіп міне ала салдым қазір.

Kaspi Жұма нағыз құбылысқа айналып үлгерді. Сатып алу мерекесі отбасылық бюджетке салмақ түсірмей, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Ал қазақстандық шағын және орта бизнес дамып, жаңа жұмыс орындарын аша алады.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу