Қарағандыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

02.11.2023

Қарағандыда автобус қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды. Қайғылы жағдай Бұқар жырау көшесінің бойында орналасқан «Шығыс» базарының маңында тіркелді. Жол апаты кезінде қоғамдық көлікте 15 адам болған. Олар жапа шеккен жоқ. 45 жастағы ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу