Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

19.05.2021

Алматыда автобус жаяу келе жатқан адамды қағып кетті. Жүргізушінің сөзінше, әйел адам жаяу жүргіншілер жолағынан жүгіріп өтпек болған. Соның кесірінен жылдамдықты азайтып үлгермепті. Қатты соққы салдарынан 1975 жылы туған азамат оқиға орнында мерт болды. 40 жылдық тәжірибесі бар қоғамдық көлік тізгіншісінің зейнетке шығуына небәрі тоғыз ай ғана қалыпты. Автобус ішінде 5 жолаушы болған. Барлығы дін аман. Қайғылы жағдайдың себеп-салдары анықталып жатыр.

Хабарламаларға жазылу