Алматы облысында жүйткіген көлік әйелді қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жүйткіген көлік әйелді қағып кетті

21.04.2022

Жаяу жүргінші бірнеше метрге ұшып кетті! Әлеуметтік желі қолданушылары Алматы облысында болған жантүршігерлік жол апатының видеосын таратуда. Шелек ауылындағы көлік жуу орталығының бейнебақылау камерасына жазылып қалған кадрдан, қара көліктің солға бұрылмақ болғанын көруге болады. Сол кезде оның артынан қатты жылдамдықпен жүйткіп келген ақ машина апаттан қашып, сол маңнан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып өтеді. Полициядағылар бұл оқиғаның кеше болғанын және 55 жастағы әйелдің түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Ал, 25 жастағы «ЛАДА» жүргізушісі ұсталып, көлігі айып тұрағына жеткізілді.

Хабарламаларға жазылу