Зайсан ауданы қарқынды дамып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зайсан ауданы қарқынды дамып жатыр

01.11.2023

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері тоқтаусыз дамып келе жатқан өңірлер көп. Соның бірі- Зайсан ауданы. Облыс орталығынан алыс жатса да шығыстағы көрші елге қақпа осы аудан арқылы ашылды. Нәтижесінде сауда-саттық пен кәсіпкерлік саласы қарқынды дамымыды. Ал бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін түсінген кәсіпкерлер білім мен медицина саласына үздіксіз көмектесіп келеді. Облыста алғаш болып осы Зайсан ауданы газға қосылды. Қазір 8 ауылдың тұрғыны көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Кешекте тағы 8 ауылқосылмақ.

  Сақыпжамал Күсекбаева, Зайсан қаласының тұрғыны:

Осы көгілдір отын жанғалы көзіміз ашылып жақсы болды бұрын бықсып жүруші едік. Мынау бір рахат дүние болды. Бұрын осы Мөлтек ауданның өзі от жаққанда көк түтін болып кететін. Сол түтіннен құтылдық. Ауа райы тазарады. Осы Мөлтек аудандағы адамдардың рахметі мол.

Олжас Керейхан, тілші:

Тек бір ғана Мөлтек аудан емес қазір Зайсан қаласы да толық газға қосылды. Кейбір әлеуметтік нысандар газбен жылытылады. Бүгінге дейін ауданда оннан аса ауылдың тұрғыны көгілдір отынға қолжеткізді. Енді тағы 9 елдімекеннің халқы күтіп отыр.

Аяулым Шүкімованың мамандығы педагог-психолог. Ол өз қаржысына балабақша ашты. Жары Қуаныш екеуі ауылда 30 жыл қаңырап тұрған ғимаратты биыл жазда сатып алып толық жөндеп шықты. Нәтижесінде Қарабұлақтағы 75 қарадомалақ білім мен тәрбие алып жатыр. Ал жиырмадан астам маман тұрақты жұмысқа орналасты.

 Аяулым Шүкімова, балабақша меңгерушісі:

Неше жыл болды өзімде екі кішкентаймен балабақшаға орналастыра алмай жүргем. Зайсанға қалалық жерге апарып келу өте тиімсіз болды. Содан балабақша армандап жүргеміз. Бір күні жолдасым келіп, балбақшаны алып, жөндесек қайтеді деген ұсыныс тастады. Ұзақ ойланып тәуекелге бел буып, осыны бастап кеттік. Біздің негізгі инвестициямыз бала ғой. Болашағымыз. Соларға білім, тәрбие беру негізгі мақсатамыз деп ойлаймын.

Басқа кәсіпкерлер де білім саласын қолдап келеді. Соңғы 5 жылда аудандағы барлық орта мектептерге демеушілер работатехника кабинетін ашып берді. Енді оның игілігін оқушылар көріп отыр. Түрлі жобалар жасап, аудандық облыстық байқаулардан алдыңғы орынды ала бастады.

    Еламан Серболұлы, 9-сынып оқушысы:

Алдыңғы жылы бітіріп кеткен 11-сыныптардың аяқталмаған жобалары бар. Солармен айналысып, соларды қайта жетілдіріп, сонымен айналысып келе жатырмыз.

   Бақытгүл Сапарғалиева, информатика пәнінің мұғалімі:

Айти технологиялар дамып келе жатқанына байланысты. Жасөспірімдердің ойлары инженерлік идеяларға бағытталып келе жатыр. Сондықтан біз келешекте осы работатехника бөлек пән болып бағдарламаға енсе деген ойымыз бар. Ұсынысымыз бар.

Олжас Керейхан, тілші:

Басқа аудандарға қарағанда көш ілгері. Бұған дейін мал мен ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамыған. Соңғы жылдары кәсіпкерлер өнім өңдеуді қолға алабастады. Нәтижесінде салықтың түсімі де молайды. Бүгінде ауданда тіркелген. 4,5 мың кәсіпкерден 1 миллиардқа жуық салық жиналады. Бұл аудан бюджетінің 30-40 пайызын құрайды.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу